Шымкентте жанжалдасып, артынан оқ атқан жасөспірімдер ұсталды

0
779

Күдіктілердің жеке басын тергеу барысында кәмелетке толмаған 5 жасөспірім анықталған.


Шымкентте жанжалдасып, артынан оқ атқан жасөспірімдер ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында жастар арасында жанжал орын алып, олардың біреуі белгіленбеген қарудан оқ атқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың 8 қыркүйегінде Шымкент қаласындағы Алматы тас жолы мен Қ.Төлеметов көшесінің қиылысында 16-17 жас аралығындағы жастар арасында жанжал орын алып, олардың біреуі белгіленбеген қарудан оқ атқан. Нәтижесінде, кәмелетке толмаған бір жасөспірім дене жарақатын алған.

Сондай-ақ, бұл жайт Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай ауданы Полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 293-бап 3-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген және күдіктілердің жеке басын тергеу барысында кәмелетке толмаған 5 жасөспірім анықталған. Сонымен қатар, олардың екеуі құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоғын анықтау үшін ұсталған. Ал, қалғандарына ұстау бойынша жедел кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.