Шымкентте жаппай санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
586

Аяқ жолдарды тазалау және жуу, ортақ пайдаланылатын жерлерді, ирригациялық желілерді санитарлық тазалау жұмыстары атқарылуда.


Шымкентте жаппай санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында жаппай санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаратау ауданында көшелерді, аяқ жолдарды тазалау және жуу, ортақ пайдаланылатын жерлерді, ирригациялық желілерді санитарлық тазалау жұмыстары атқарылуда.
Көшелерді тазалау жұмыстарына 50 бірлік арнайы техника, оның ішінде 24 суару-жуу машинасы, 2 тротуар жинау машинасы, 3 трактор, сондай-ақ, 180 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Жауын-шашын кезінде судың кедергісіз өтуін ұйымдастыру үшін жолдардың жүру бөлігі астындағы арықтар мен арық өткелдері тазартылды.
Бұдан басқа, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында кесте бойынша аптасына 2 рет 257 қоғамдық көлік аялдамасына және жаяу жүргіншілер аймақтары мен тротуарларға дезинфекциялау, жуу жұмыстары тұрақты жүргізіледі.