Шымкентте жас ақындар антологиясының тұсауы кесілді

0
1 468

"Жаңа ғасыр әуендері" жас ақындар антологиясына он екі ақынның үздік туындылары енген.


Шымкентте жас ақындар антологиясының тұсауы кесілді
Шымкент қаласында әкімдік қолдауымен жарық көрген "Жаңа ғасыр әуендері" атты қалалық жас ақындар антологиясының тұсаукесер кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
"Жастар жылы" аясында Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен жарық көрген, жас ақындардың жыры жинақталған бұл кітапқа қазақ поэзиясының жаңа толқынында қалам тербеп жүрген Батырхан Сәрсенхан, Мұқағали Кенжетайұлы, Әлімжан Әлішер, Арайлым Мұраталиева, Сүндет Сейітов сынды дарынды он екі ақынның үздік туындылары енген.
Аталған іс-шараға арнайы қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов бұл іс-шараның айтулы оқиға екенін айтты.
"Кеше ғана ұлы мерекемізді атап өттік. Сол бір Тәуелсіздіктің арқасында жастардың да шығармашылығына көңіл бөлініп, кітап шығып отыр. Рухани байлығымызды бірге дәріптейік. Оқырманға жол тартқан жинақ құтты болсын", - деді Ерлан Қуанышұлы.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығында" жас дарындардың туындылары дәріптелген тұсаукесер кеші поэтикалық дуэльге ұласып, қонақтар поэзия жауһарларымен сусындап қайтты.