Шымкентте «Жас құтқарушы» эстафеталық сайысы ұйымдастырылды

0
2 032

Аталған эстафеталық сайыс Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенант Ерғали Нұрдаулеттің ұйымдастыруымен өткізілді.


Шымкентте «Жас құтқарушы» эстафеталық сайысы ұйымдастырылды

Шымкентте оқушыларды тәрбиелеу, саламатты өмір салтын насихаттау, әртүрлі экстремалды жағдайларда іс-әрекеттер дағдыларын үйрету мақсатында «Жас құтқарушы» атты эстафеталық сайысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Эстафеталық сайысқа аудан аумағында орналасқан мектепішілік жазғы сауықтыру лагерлерінен 8 команда қатысты. Жарыс шартына сәйкес оқушылар әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы 4 бәсекелестік кезеңнен өтуі тиіс еді: өрт сөндіргіш құралдарды доппен жылдамдыққа жүгіру; өрт сөндіргіш құралдарды құтқару киімдері мен баллондарын киіп жылдамдыққа жүгіру; жерге «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында сурет салу және сұрақ-жауап. Қазылар алқасы құрамы Төтенше жағдайлар бөлімінің және Жедел құтқару жасағының қызметкерлерінен құралды. Командалар өзінің визит карталарын ұсынып, тапсырмаларды орындады.

Байқаудың қорытындысы бойынша үздік өнер көрсетуінің арқасында жанкүйерлер мен қазылар алқасының оң бағасына «Құтқарушы», «Жалын» және «Балапан» командалары иеленді. Жеңімпаздар дипломдар мен кубоктармен марапатталды, ал жетекшілеріне шағын сыйлықтар берілді. Сондай-ақ баларға арналған от шашулар шашылып, барлық қатысушыларға балмұздақ таратылды.

Жарыс соңында мамандар мұндай жағдайларда қалай алғашқы көмек көрсету керектігін баяндап, тәжірибе жүзінде көрсетті.