Шымкентте жас жігіт телефонын қуаттап жатып қайтыс болды

0
7 233

Қайғылы жағдай бүгін, 15 шілде күні болған.


Шымкентте жас жігіт телефонын қуаттап жатып қайтыс болды

Шымкент қаласында ұялы телефонын қуаттау кезінде электр тогы ұрып 23 жастағы жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласы, Сайрам ауылындағы Абдуллабад көшесінде тұратын 1996 жылы туған жігіт телефонын қуаттағыштан ажыратпақ болғанда электр розеткасынан ток ұрған.

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандарының айтуына қарағанда, телефонын қуаттағыштан алмақшы болғанда жігіттің денесі су болған көрінеді. Бұл биылдыққа тіркелген осы мазмұнды бірінші қайғылы оқиға. Өткен жылы 4 адам қайтыс болған, оның ішінде 2-еуі жас бала.

"Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Электр тоғын пайдаланған кезінде абай болыңыздар. Өздеріңізді және туыстарыңызды аман сақтаңыздар!" деп ескертеді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті.