Шымкентте жасөспірім жігіттер сәбиді жазатайым оқиғадан құтқарып қалды

0
698

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады.


Шымкентте жасөспірім жігіттер сәбиді жазатайым оқиғадан құтқарып қалды

фото: әлеуметтік желіде тараған видеодан скриншот

Шымкентте жасөспірім жігіттер ашық терезеде отырған сәбиді жазатайым оқиғадан құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады.

Оқиға орнынан түсірілген видеодан жасөспірім жігіттің екінші қабаттағы темір тор арқылы өрмелеп шығып, бүлдіршінді қауіпсіз жерге алып кеткенін көруге болады.

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, аталған жайт Шаяхметова 43 мекенжайында болған.
"Бізге есік ашылмай жатыр деген хабар 102-ден келіп түсті. Құтқарушылар шығайын деп жатқанда, олардың көмегі қажет еместігі туралы айтылып, оқиға орнына шықпады", - делінген хабарламада.