Шымкентте жастар арасында домбырадан үйірме сабақ өткізілді

0
572

Аталған іс-шара дәстүрлі әнші Баймұрат Сәрсенбектің жетекшілігімен өтті.


Шымкентте жастар арасында домбырадан үйірме сабақ өткізілді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен жыр алыбы Ж. Жабаевтың құрметіне арналған «Ұлы даланың алып жыршысы - Жамбыл» атты домбырадан үйірме жұмыстары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесудің мақсаты — Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Ақынның таңдамалы туындылары халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, өлеңдерін сыр шертіп оқырман назарына ұсыну.

Аталған іс-шара дәстүрлі әнші Баймұрат Сәрсенбектің жетекшілігімен М. Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі студенттерінің қатысуымен өтті.