Шымкентте жастар арасында пікірсайыс өтті

0
608

Талқылау барысында жастар өз ойларын ашық ортаға салды.


Шымкентте жастар арасында пікірсайыс өтті

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Жол-көлік колледжінде дебат клубының ұйымдастыруымен «Қазақстанның отбасылық гендерлік саясаты: жетістіктері мен болашағы» тақырыбында пікірсайыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Пікірсайыстың мақсаты – Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әйелдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы гендерлік саясатты жүзеге асыруды студенттер арасында кеңінен насихаттап, сарапқа салу, жастардың саяси белсенділігі мен азаматтық ұстанымын арттыруға ықпал ету.
Талқылау барысында жастар өз ойларын ашық ортаға салды. Бірінші тарап Қазақстанда гендерлік саясатты дамыту керек десе, екінші тарап зиянды жақтарының бар екендігімен бөлісті.
Дебатқа - жергілікті колледж оқытушылары, студенттер және ерікті көрермендер қатысып, дебатқа деген қызығушылықтарын жеткізіп, өз ойларымен бөлісті.