Шымкентте жастар мәселесі талқыланды

0
370

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Мансұрхан Махамбетов, Шымкент қаласы прокуратура қызметкерлерімен кездесті.


Шымкентте жастар мәселесі талқыланды

Шымкент қаласы прокуратурасының ұжымы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мансұрхан Махамбетовпен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шара мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы аясында өтіп отыр. Жолдауда Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағанын ескере отырып, кездесуде жастар мәселесіне назар аударылды және олардың арасындағы қылмыстық құқық бұзушылық мәселелері талқыланды. Қала прокуроры өңірде өткен жылмен салыстырғанда жастардың саны 2,3%-ға артқанын айтты. Сонымен қатар конституциялық құқықтарды қорғауға бағытталған құқық қорғау қызметінің негізгі шараларына тоқталды.

"Прокурорлық қадағалау актісі негізінде, өткен жылы орта-арнаулы оқу орындарының 1,5 мың оқушыға (996 кәмелет жасына толмағандар, 3 жетім бала) 7,3 млн. теңге қаржы көлемінде жәрдемақы және жол жүру үстемақылары төленді. Прокурорлар қаладағы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың саны 20,5% төмендегенін де атап өтті (263-тен 209-ға). «Заңсыз есірткі айналымы 15%-ға төмендегенімен (375-тен 318-ге), олардың заманауи сату, тарату әдістері алаңдатушылық тудырады", - дейді қала прокуроры Мақсат Қожабаев.

Осы орайда, қала тұрғындары «Facebook»және«Telegram» платформаларында есірткі заттарының таралу фактілері туралы хабарламаларды көргенде олардың одан әрі таралуына тосқауыл қою мақсатында әлеуметтік желілерде арнайы парақша ашу ұсынылды. Кездесу соңында бірқатар ұсыныстар қабылданды.

Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет