Шымкентте жастардың спортқа деген қызығушылығы артып келеді

0
459

Биылғы жылы спорттық үйірмелерді жан басына шаққанда қаржыландыру арқылы 19 мыңнан астам бала қамтамасыз етілді.


Шымкентте жастардың спортқа деген қызығушылығы артып келеді

Шымкент қаласында жастардың спортқа деген қызығушылығы артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Салауатты өмір салты - дені сау ұлт қалыптастырудың негізгі шарты», деген Президент бұқаралық және балалар спортын дамыту стратегиялық басымдық екенін айтқан болатын. Осы ретте Шымкентте бұқаралық спортты дамыту мақсатында бірше жобалар іске асырылып келеді. Әсіресе, осыдан 3 жыл бұрын республикада алғаш болып «Шымкент жастар лигасы» атты бірігей жобаны бастаған болатын. Жыл сайын оқушылардың қызығушылығы артып, лига ауқымы артуда. Биыл 151 мектептен 500-ден астам командалар жасақталып, 6 мыңға жуық оқушы қатысты.
Қаламызда спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында биыл «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром» құрылысы (демеуші есебінен), «Металлург» стадионын реконструкциялау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
«Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін бюджет есебінен ауысымына 250 баланы қабылдайтын 2 спорт ғимараты және жеке кәсіпкер есебінен «SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетін болады», - деді қала әкімі.
Биылғы жылы спорттық үйірмелерді жан басына шаққанда қаржыландыру арқылы 19 мыңнан астам бала қамтамасыз етілді.

Айта кетейік, әр спорт түрі бойынша чемпион командаларға демеушілердің қолдауымен алынған 20 миллион теңгенің 4 шағын автобусы табысталды.

Атап айтар болсақ, шахмат ойындары бойынша 132 команда қатысты. Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің шахматшылары топ жарып, лига чемпионы атанды. Жүлделі 2 орын – №65 мектепке, 3 орын – №68 мектепке бұйырды.
Ал спорттың волейбол түрі бойынша дүбірлі додада 129 команда бақ сынады. Финалдық ойындар тартысты өті. Командалар арасында А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының волейболшылары топ жарып, чемпион атанды. Жүлделі 2 орынды №113 мектеп оқушылары, 3 орынды №110 мектеп қатысушылары иеленді.
Футбол ойындарына қатысқан 135 командадан үздік үштік анықталды. №47 Тәжібаев атындағы мектеп-гимназиясының футболшылары жеңімпаз атанды. Жүлделі 2-орынды №80 ІТ мектебі, 3-орынды №90 дарынды балаларға арналған мектеп гимназиясы қанжығалады.
Ал спорттың баскетбол түрінен М.Х.Дулати атындағы №8 гимназиясының командасы оқ бойы озып шықты. 2 орын – №7 мектептің, 3 орын – Назарбаев зияткерлік мектептерінен құралған командаға бұйырды.