Шымкентте жастармен семинар-тренинг өткізілді

0
413

Аталған шараның мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу және психологиялық жағымды көңіл-күй қалыптастыру.


Шымкентте жастармен семинар-тренинг өткізілді

Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің Әл- Фараби ауданы бөлімінің ұйымдастыруымен «Ырыс алды - ынтымақ» тақырыбында семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Семинар-тренингке Қазақстан психологтар лигасының мүшесі, ҚР Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің спикері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі жанындағы "Әйелдер , және отбасы- демографиялық саясаты" жөніндегі комиссиясының мүшесі Қойшиева Лимана Құттыбекқызы және "Шымкент көпсалалы" колледжінің студенттері қатысты.

Аталған шараның мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу және психологиялық жағымды көңіл-күй қалыптастыру.