Шымкентте жастармен түрлі тақырыпта семинар-тренинг өткізілді

0
495

Тренинг соңында семинарға қатысушы оқушылар, ата-аналар және сынып жетекшілер арасында профилактикалық жұмыстар мен тренинг жаттығулары жүргізілді.


Шымкентте жастармен түрлі тақырыпта семинар-тренинг өткізілді

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Индустриялды техникалық колледжінде «Өмір - сен маған қымбатсың» тақырыбында семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараның мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасында күйзелістік жағдайлардың аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Орталық психологымен өткен кездесуде жастарға аутодеструктивті іс-әрекет, құқықбұзушылық және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сергіту сәтіне арналған бірнеше жаттығулар ойнатылды.
Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығы мен С.Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беретін мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен қыздар мен ата-аналар арасында «Қыз – өмірдің қызғалдағы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Аталған кездесу - қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау және келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, өмірге құштарлығын арттыру.
Семинар-тренингке мектеп психологы Бекбосынова Кулия Даулетқұлқызы, мектеп медбикесі - Муталиева Базаркүл Курбаналиева қатысты. Олар кездесу кезінде, ерте жастағы жүктіліктің қауіп-қатері мен оның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, тренинг соңында семинарға қатысушы оқушылар, ата-аналар және сынып жетекшілер арасында профилактикалық жұмыстар мен тренинг жаттығулары жүргізілді.

Айта кетейік, Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мамандығым-болашағым» тақырыбында №28 жалпы орта мектеп оқушылары «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мұражайына экскурсия жасады. «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мұражайының маманы жастарға елдегі ашаршылық құрбандары мен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларға арнап ашылған тұңғыш мекемедегі мемлекет пен қоғам қайраткерлерінің және жаппай қуғын-сүргіннің құрбандары болғандардың құжаттары мен суреттері жинақтарымен таныстырды.