Шымкентте жеке медициналық ұйымдардың құқықтары негізсіз тексерулерден қорғалды

0
1 254

Денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларынан 2022 жылғы 28 қазаннан бастап денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік жоспарына енгізу қажеттілігі туралы тармақтар алып тасталды.


Шымкентте жеке медициналық ұйымдардың құқықтары негізсіз тексерулерден қорғалды

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілерді болдырмау үшін бейінді мемлекеттік органға жеке клиникалардан құжаттарды талап ету және оларды кейіннен барып тексеру практикасын тоқтату туралы ұсынымдар жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл қызметті медициналық мекемелерді саланы дамытудың перспективалық жоспарының жобасына енгізу мақсатында Денсаулық сақтау басқармасының арнайы жұмыс тобы қолданған.

Заңнамалық нормаларды егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін кәсіпкерлерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыруды қаржыландыру бойынша сатып алуларға қатысу үшін іріктеуден өту талап етілмейтіні белгілі болды.

Денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларынан 2022 жылғы 28 қазаннан бастап денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік жоспарына енгізу қажеттілігі туралы тармақтар алып тасталды.

Медициналық қызмет көрсету саласындағы жеке кәсіпкер! Веб-порталда (fms.ecc.kz) медициналық қызметтерді сатып алуға қатысу үшін Сізге перспективалық жоспарға келісу кезеңінен өту міндетті емес!