Шымкентте жер қойнауын пайдаланушыларға өлшеу құралдары орнатылды

0
1 508

Қала аумағында қазіргі уақытта қалғанжер қойнауын пайдаланушылардың саны – 22. Оның ішінде: 10 – құмды-шағал қоспасын, 11 – топырақты және 1-і кварц құмын өндіретіндер.


Шымкентте жер қойнауын пайдаланушыларға өлшеу құралдары орнатылды

Шымкент қаласында жер қойнауын пайдаланушылармен қала аумағындағы автомобиль жолдарына ауыр жүк көліктерінің зақым келтірмеу мақсатында карьерде өлшеу құралдарын орнату туралы міндеттеме енгізілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мамандарының айтуынша, осы міндеттемені бүгінгі таңда тек қана 10 жер қойнауын пайдаланушы ерікті түрдеорындаған. Қалған 19 жер қойнауын пайдаланушыға мәжбүрлі міндеттемені жүктеу мақсатында Шымкент қаласының экономикалық сотына талап арыздар жолданды.

Нәтижесінде, бүгінгі таңдабарлық 19 жер қойнауын пайдаланушыға таразы құралдарын орнату бойынша соттың оң шешімі шыққан.

Биыл 9 айдың қорытындысына сәйкес,басқарма тарапынан жолданған ескертпе хаттардың нәтижесі бойынша келісімшарт міндеттемелерін орындамаған 16 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттары екі жақтың келісімімен мерзімінен бұрын тоқтатылды. Оның ішінде, 11-і екі жақтың келісімімен, 5-і жергілікті атқарушы органның хаты бойынша жасалған.

Қала аумағында қазіргі уақытта қалғанжер қойнауын пайдаланушылардың саны – 22. Оның ішінде: 10 – құмды-шағал қоспасын, 11 – топырақты және 1-і кварц құмын өндіретіндер.