Шымкентте жетпіске жуық адам теріс ағымнан бас тартқан

0
829

«Жусан» операциясы бойынша да елге келген отбасы мүшелерімен де тұрақты жұмыс жасалуда.


 Шымкентте жетпіске жуық адам теріс ағымнан бас тартқан

2019 жылы Шымкент қаласында уағыз-насихат жұмыстары бойынша «Бір мешіт, бір үмбет, бір жамағат» атты игі жобалар жүзеге асты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жоба аясында деструктив ағымның ықпалында жүрген азаматтармен 87 кездесу, 65 спорттық шара және діни мереке күндері 10 рет арнайы дастарқан жайылған. Бұдан бөлек, 475 рет жеке кездесу өткізіліп, салафилік бағыттағы 50 адам, ал абақтыда жазасын өтеушілермен 298 рет жеке кездесу ұйымдастырылып, оның қорытындысы бойынша 19 адам радикал райынан қайтқан.

Жалпы алғанда, атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша, 2019 жылы 69 азамат жат ағымның жетегінен бас тартып, ата дінімізге оралды.

Бұдан бөлек, «Жусан» операциясы бойынша елге келген отбасы мүшелерімен де тұрақты жұмыс жасалуда.

дереккөз: muftyat.kz