​Шымкентте жоғалған 12 жасар қыз Тараздан табылды

0
1 272

Оқушы базарға кетіп, қайта үйіне оралмаған.


​Шымкентте жоғалған 12 жасар қыз Тараздан табылды

Шымкенттік полицейлер қала аумағында жоғалған 12 жасар қызды Тараздан тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

26 қараша күні «102» сымтетігіне жергілікті азаматша хабарласып, бір күн алдын жасөспірім қызының жоғалғанын айтып, көмек сұраған. Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл іздеу шараларына кіріседі.
Көп балалы отбасыдан шыққан оқушы сол күні «Алаш» базарына барып, қайта үйіне оралмаған. Іздестіру жұмыстарына кіріскен тәртіп сақшылары қызды Шымкент-Алматы бағытындағы жолаушылар көлігінде кетіп бара жатқан сәтінде, Тараз қаласынан тапқан.
Абай ауданы Полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Орынбек Өмірзақ анасы мен қызын аман-есен қауыштырып, Шымкент қаласына жеткізген. Қазір жасөспіріммен психолог маман профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Өз кезегінде қыздың анасы тәртіп сақшыларына алғыс айтып, ризашылығын жеткізді.