Шымкентте жоғалып кеткен қыз аман-есен табылды

0
2 882

Мектепке кетіп қайта оралмаған.


Шымкентте жоғалып кеткен қыз аман-есен табылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында жоғалып кеткен қыз бала отбасымен аман-есен қауышты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

3 наурызда Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын өзінің кәмелет жасына толмаған қызы мектепке кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлаған.

Анасы қызын өздері жан-жақты іздеп таппағаннан кейін полицейлердің көмегіне жүгінген. Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілген.

Тәртіп сақшылары мен учаскелік полиция инспекторлары сол маңдағы барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, өтіп бара жатқан тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде жоғалған қыз аман-есен табылып, отбасымен қауышты.