Шымкентте жол ақысын «Мой Beeline» қосымшасы арқылы төлеуге болады

0
624

Аталған оператордың қызметін қолдану арқылы жолаушылар 50 пайыз яғни 35 теңге үнемдей алады.


Шымкентте жол ақысын «Мой Beeline» қосымшасы арқылы төлеуге болады

Шымкент қаласының тұрғындары «Мой Beeline» қосымшасы арқылы жол ақысын төлеуге болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған оператордың қызметін қолдану арқылы жолаушылар 50 пайыз яғни 35 теңге үнемдей алады. Бүгінде шаһарда қоғамдық көлікте жол жүру құны төлем картасы арқылы 70 теңге, ал қолма-қол төлеген жағдайда 100 теңге.
«Мой Beeline» қосымшасы арқылы мобильді теңгерім арқылы төлеу үшін *2222# пәрменін теріп, шақыру термесін басады. Әрі қарай көлік кодын енгізеді. Сондай-ақ 2222 нөміріне көлік коды көрсетілген СМС хабарлама жіберу керек. СМС хабарлама жіберу қызметі тегін. Жолаушының баланысынан алдымен 70 теңге жол жүрудің толық құны алынады, содан кейін бірнеше секунд ішінде 35 теңге қайтарылады
Айта кетейік науқан күніне 2 сапарға таратылады. Егер сапарлар көп болса, олар үшін толық жол ақысы төленеді.