Шымкентте жол үстінде отшашу атқан жігіттер ұсталды (видео)

0
380

Көлікпен Бәйдібек би даңғылында кетіп бара жатып отшашу атқан.


Шымкентте жол үстінде отшашу атқан жігіттер ұсталды (видео)

сурет: Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі жариялаған видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Шымкент жолдарында отшашумен «шоу» жасаған жігіттер жауапқа тартылды.

Қала аумағын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Бәйдібек би даңғылында пиротехникалық жарылғыш зат қолданып бара жатқан көлік жолаушысын байқаған. Тәртіп сақшылары бірден «Ваз 21099» маркалы автокөлігін тексеру барысында көлік салонынан 43 дана пиротехникалық жарылғыш зат тәркілеген.

Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 19 жастағы жүргізуші досымен бірге қала көшелерінде отшашумен «шоу» жасамақ болған. Ал, оң жақ жолаушы орындығындағы азамат көліктің әйнегіне отырып, пиротехникалық жарылғыш затты аспанға атқан.

Полицейлер заң бұзушылықты дер кезінде тоқтатты. Қызық қуғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі, 593-бабы және 436-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Автокөлік айыптұраққа қамалды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 25 желтоқсан - 3 қаңтар аралығында республика көлемінде «Пиротехника» ЖПІШ өткізіліп жатыр.