Шымкентте жолаушы таксистті белбеумен тұншықтырмақ болған

0
690

Күдікті қолға түсті.


Шымкентте жолаушы таксистті белбеумен тұншықтырмақ болған

31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні такси жолаушысы жүргізушіні тұншықтырмақ болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Көлік жүргізушінің мәліметіне сүйенсек, жолаушы оның мойынына қауіпсіздік белбеуін салып, пышаққа ұқсас затпен қорқытып, барлық құндылықтары мен ақшаларын беруді талап еткен.

1 ақпанда Абай аудандық Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жүргізушіні тонаған күдіктіні құрықтады. Зерттеу барысында, күдікті бірнеше рет сотталған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабының 1-бөлігі (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айғақты заттар алынып, тиісті сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.