Шымкентте жолға таласқан автобус жүргізушілері көліктерді тоқтатып тастап төбелесті (видео)

0
795

Шымкенттік полицейлер автобус жүргізушілерін аялдамада төбелес шығарғандары үшін жазалады.


Шымкентте жолға таласқан автобус жүргізушілері көліктерді тоқтатып тастап төбелесті (видео)

Шымкент қаласындағы қоғамдық автобус жүргізушілер жолға таласып, төбелес ұйымдастырған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Шымкентте сағат 8:50 шамасында Байтұрсынов және Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы аялдамада ішіне жолаушыларды толтырып алып жарысатын №93 және №19 маршруттық автобустардың жүргізушілері жолға таласып, жолды жауып қойып төбелес ұйымдастырған. Содан кейін, жаға жыртысқан жүргізушілер тынышталып, оқиға орнынан кетуді ұйғарған.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бұл оқиғаға дереу әрекет етіп, шара қабылдады. Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Қошанов Ернар Жомартұлы 2 сағат ішінде жүргізушілерді анықтап, тірек пунктіне жеткізген және олармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырды.