Шымкентте жұқпалы ауруларға арналған госпиталь 1 маусымда пайдалануға беріледі

0
858

Қаладағы Ұлттық зерттеу орталығының филиалынан бөлек, қосымша 3 лабораториялық зерттеу орындары ашылды.


Шымкентте жұқпалы ауруларға арналған госпиталь 1 маусымда пайдалануға беріледі

Шымкентте жұқпалы ауруларға арналған госпиталь 1 маусымда пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов мәлімдеді. Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, бүгінгі күнге дейін 2 миллионнан астам көп қолданылатын маскалар, 88 тонна дезинфекциялық заттар, 166 мыңнан астам спрей шығарылған. Сонымен қатар, медициналық ұйымдар дәрі-дәрмекпен, жеке медициналық қорғау заттармен және тиісті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілгенін айтып өтті.

–Қалада жұқпалы аурулар ауруханасында коронавируске арналған төсек орындар 300-ден 450-ге ұлғайтылды. Бұдан басқа, 320 төсек орындық провизорлық стационарлар, 1 416 карантиндік орындар ашылды, - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Шымкент қаласында Covid-19 жұқтырған азаматтарды уақытылы анықтау мақсатында, лабораториялық тесттен өткізу шаралары күшейтілген. Қаладағы Ұлттық зерттеу орталығының филиалынан бөлек, қосымша 3 лабораториялық зерттеу орындары ашылды. Нәтижесінде, күніне тестілеу қуаттылығы 300-ден 500-ге жеткізілді. Айта кетерлігі, жаңадан 2 лаборатория ашылып,тестілеуді 3 есеге дейін ұлғайтатын болады.

Сәуір-мамыр айларында жоспарлы тестілеуден өтетін 23 мың адамның 19 845 яғни, 86% ПЦР тесттен өткізілген.

Қала әкімдігі резервінен коронавируске қарсы шараларға 1,2 млрд.теңге қаржы бағытталды. Оның ішінде, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 501 млн.теңге бөлінді.

Одан бөлек, 5,8 млрд.теңгеге қалада жаңадан 200 орындық жұқпалы ауруларға арналған госпиталь құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1-ші маусымында пайдалануға берілетін болады.