Шымкентте журналистерге арналған жаңа алаң ашылды

0
706

Көрме залында орналасқан жаңа брифинг алаңы заманауи жабдықтармен жабдықталған.


Шымкентте журналистерге арналған жаңа алаң ашылды

Бүгін Шымкентте жаңа брифинг орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Көрме залында орналасқан жаңа брифинг алаңы заманауи жабдықтармен жабдықталған. Жаңа алаңның ерешелігі журналистер қауымы емін-еркін кіріп шығуға да, кез-келген уақытта жиналып пікір алмасуға да ыңғайлы. Болашақта бұл орын журналистерге арналған ашық алаңға айналмақ.
Жаңа орында алғаш болып Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының 2022 жылдың 11 айда атқарған жұмыстары туралы М.Шотановтың есебі тыңдалды.
Басқарма басшысы өзінің есебінде 2022 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, басқарма қаладағы ең өзекті мәселелермен, яғни, шаһардың қоғамдық-саяси ахуалы, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс, этносаралық қатынастар, ақпараттық саясатты жүргізу, жастар және отбасы саласы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен таныстырды.