Шымкентте жыл басынан бері 800-ге жуық мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды

0
488

Жыл басынан бері 1 100 азаматты оқыту жоспарланған.


Шымкентте жыл басынан бері 800-ге жуық мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды

Шымкент қаласында жыл басынан бері 800-ге жуық мемлекеттік қызметші біліктілікті арттыру курстарынан өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының базасында жыл басынан бері 1 100 азаматтың оқытылуы жоспарланған. Қазіргі таңда 799 мемлекеттік қызметші біліктілікті арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстарынан өтті.
Осы жылғы 10 айдың қорытындысымен оқу сапасына тыңдаушылардың қанағаттану деңгейі 98 пайызды құрады.
Биыл Шымкент қаласынан Академияның магистратурасына 4, докторантураға 1 мемлекеттік қызметші оқуға түсті.
Сонымен қатар, «Академия филиалы» кәсіби дағдылар мен басқарушылық кұзыреттерді жетілдіру үшін ұйымды тиімді басқару мәселелеріне бағдарланған түрлі тақырыптардағы бірқатар вебинарлар мен семинарларды ұсынады. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының басшылық құрамына «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» тақырыбында 24 сағаттық біліктілігін арттыру семинары ұйымдастырылды. Бұл ретте 16 тыңдаушыға сертификат табысталды.
Айта кетейік, пандемия жағдайына байланысты осы жылдың 8 айында оқыту үрдісі «Zoom», «Moodle», «Microsoft TEAMS» платформалары арқылы онлайн форматта жүргізілген. Ал қыркүйектен бастап санитарлық талаптарды сақтай отырып, офлайн форматқа көшті. Дәрістер қазіргі заманғы ашық кеңістік «Open-space» форматындағы аудиторияларда өткізіледі.