Шымкентте жыл соңына дейін 800-ге жуық жұмыс орны құрылады

0
439

13 жоба іске қосылады.


Шымкентте жыл соңына дейін 800-ге жуық жұмыс орны құрылады

Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі 10,1 пайызға артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен баспасөз брифингінде қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 295 млрд. теңгені құрап, 2020 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,1 пайызға артқан. Ал өңдеу өнеркәсібінде 251 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 10 пайызға өсті. Өнеркәсіп – қала экономикасының негізгі құраушы саласы. Жалпы өңірлік өнімдегі үлесі – 24,6 пайызды құрады.
Шымкенттің 3 индустриалды аймағында алғашқы бес айда 1,8 млрд. теңгеге 274 жұмыс орнымен 4 жоба жүзеге асырылды. Осы жылдың соңына дейін инвестиция көлемі 38,1 млрд.теңгеге 754 жұмыс орны құрылып, 13 жоба іске қосылады.