Шымкентте жылу беру маусымына дайындық шаралары жүргізіліп жатыр

0
342

Қазір 16 нысанда ішкі орамдық жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.


Шымкентте жылу беру маусымына дайындық шаралары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласында қысқы жылу маусымында тұтынушыларды үздіксіз сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында жаз айларында дербес қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сондықтан әр тұрғын үйдің ішкі жылу жүйесіне жылу жүйесіне сығымдау, жылу алмастырғышты тазалау және реттеу жұмыстарын жүргізілетін болады.
Қазір "Қуатжылуорталық-3" МКК қаламыздың 16 нысанында жалпы ұзындығы 8,76 км құрайтын ішкі орамдық жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстарын жүргізілуде.
Кесте бойынша жұмыстары толық аяқталған нысандар:
1. Толстой көшесі "Эмир" дәмханасы дейін;
2. Толстой көшесі Сасбұқаев көшесіне дейінгі;
3. Нұрсат шағынауданы №38,39,74 а үйлері;
4. Нұрсат шағынауданы №12,75 үйлері;
5. Күншығыс шағынауданы 4-5 кезек;
6. Пазылбеков көшесі 4,5,6,7 ТК-26;
7. Тауке-хан №29,31, Қонаев көшесі №7;
Жалпы: 1927 метр
Жұмыстар жүріп жатқан нысандар:
1. Асқаров ТК-3 Мангельдин көшесіне дейін -16,4% -орындалды;
2. ПНС-5тен Шаяхметов көшесі - 40% - орындалды;
3. ТК-16 Адырбеков -Алдияров к-сі ТК-19 дейін - 52% -орындалды;
Жалпы: 1787м/560м
Дайындық жұмыстары жүріп жатқан нысандар:
1. ТК-3 Асқаров көшесі ТК-23;
2. ТК-42 Байтұрсынов көшесі ТК-39 Ғ.Іляев;
3. Түркістан көшесі ТК-24 және ТК-26 аралығы;
4. ТК-60Б Гагарин көшесі;
5. ТК-26 және ТК-27 аралығы Республика даңғылы;
6. 18 шағынаудан Ерімбетов - Рысқұлов көшесі;
Жалпы: 3508 метр.

Айта кетейік, жоспарға сәйкес 8,7 шақырым жылу жүйелері ағымдағы жөндеуден өтіп, 9,3 шақырымға қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Жобалар аясында Гагарин, Абай, Громов көшелеріндегі магистралды жылу құбырларын және Гоголь, Адырбеков көшелеріндегі жылу желілерін жөндеуден өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ қазір «3-Энергоорталық», «ҚазТрансГаз Аймақ», «ОңтүстікЖарықТранзит», «Су ресурстары - Маркетинг» коммуналдық мекемелер тарапынан да тиісті модернизациялық жұмыстар басталды.
Мұрат Дүйсенбекұлы өткен жылыту маусымындағы кемшіліктерді ескере отырып, барлық жылу жүйелерінде, қазандықтарда, сорғы стансаларында, инженерлік жүйелерде жоспарланған жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды ескертті.