Шымкентте жылу беру маусымына дайындық жүргізіліп жатыр

0
749

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.​


Шымкентте жылу беру маусымына дайындық жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласында қысқы жылу маусымында тұтынушыларға үздіксіз сапалы жылу мен ыстық суды қамтамасыз ету мақсатында жаз айларында дербес қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Қыс мезгілінде қазандықтарда және жылу желілерінде күтпеген апаттық жағдайлар орын алмас үшін ыстық суды жаз айында уақытша тоқтатуға тура келеді. Сондықтан әр тұрғын үйдің ішкі жылу жүйесіне және ыстық су жүйесіне сервистік қызмет көрсететін мекемелер ішкі жылу жүйесіне сығымдау, жылу алмастырғышты тазалау және реттеу жұмыстарын жүргізілетін болады”, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Қазір "Қуатжылуорталық-3" МКК қаламыздың 16 нысанында жалпы ұзындығы 8,76 км құрайтын ішкі орамдық жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстарын жүргізілуде.
Кесте бойынша жұмыстары толық аяқталған нысандар:
1. Толстой көшесі "Эмир" дәмханасы дейін;
2. Толстой көшесі Сасбұқаев көшесіне дейінгі;
3. Нұрсат шағынауданы №38,39,74 а үйлері;
4. Нұрсат шағынауданы №12,75 үйлері;
5. Күншығыс шағынауданы 4-5 кезек;
6. Пазылбеков көшесі 4,5,6,7 ТК-26;
7. Тауке-хан №29,31, Қонаев көшесі №7;
Жалпы: 1927 метр
Жұмыстар жүріп жатқан нысандар:
1. Асқаров ТК-3 Мангельдин көшесіне дейін -16,4% -орындалды;
2. ПНС-5тен Шаяхметов көшесі - 40% -орындалды;
3. ТК-16 Адырбеков -Алдияров к-сі ТК-19 дейін - 52% -орындалды;
Жалпы: 1787м/560м
Дайындық жұмыстары жүріп жатқан нысандар:
1. ТК-3 Асқаров көшесі ТК-23;
2. ТК-42 Байтұрсынов көшесі ТК-39 Ғ.Іляев;
3. Түркістан көшесі ТК-24 және ТК-26 аралығы;
4. ТК-60Б Гагарин көшесі;
5. ТК-26 және ТК-27 аралығы Республика даңғылы;
6. 18 шағынаудан Ерімбетов - Рысқұлов көшесі;
Жалпы: 3508 метр.
Айта кетейік, қазір қала аумағындағы 147 қазандықты салалық басқармаға өткізу жоспарлануда. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына емдеу мекемелерінен — 15, білім нысандарынан – 121, мәдени ошақтардан — 3, спорт мекемелерінен — 6 қазандықты өткізу үшін техникалық құжаттарды түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Басқарма басшылары қазандықтарды беру барысында туындап отырған өзекті мәселелерді баяндап, ұсыныстарын жеткізді. М.Дүйсенбекұлы жылу желілерін тапсыруды ағымдағы жылдың 15- шілдесіне дейін аяқтауды тапсырды.