Шымкентте жылыту маусымына дайындық кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр

0
464

Еңбекші ауданында 295 үй жылыту маусымына дайын.


Шымкентте жылыту маусымына дайындық кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласының аудан аумақтарында 2021-2022 жылғы қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еңбекші ауданы аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерде жылыту маусымына дайындық жұмыстарын оңтайландыру мақсатында сервистік қызмет көрсететін мекемелермен келісімшарт жасау қажеттігі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары атқарылды.
Аталған құжатқа сәйкес мекеме тұрғын үйлердің жылыту жүйесін қысыммен тексеру және жуу, вентильді жөндеу, тығыздамалардың төсемдерін ауыстыру, жылыту жүйесін жоспарлы профилактикалық тексеру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыратындығы егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Айта кетейік, Еңбекші ауданында 530 жылу қабылдайтын көпқабатты үй тіркелген. Оның ішінде 295 үй жылыту маусымына дайын.