Шымкентте «Зорлық - зомбылықсыз қоғам» тақырыбында кездесу өтті

0
143

Кездесуге қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда қандай әрекет жасау қажеттілігі туралы ақпаратпен бөлісті.


Шымкентте «Зорлық - зомбылықсыз қоғам» тақырыбында кездесу өтті

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» тақырыбында кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараға имам Байболов Боранбай,Тұран аудандық полиция аға лейтенанты, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Абай Айғаным, Жастар ресурстық орталығының психологы Қалдыбай Аида қатысты.
Кездесуге қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда қандай әрекет жасау қажеттілігі туралы ақпаратпен бөлісіп, қоғамдағы келеңсіз мәселенің өзектілігі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.