Шымкенттегі балабақшалардың бірінен жылан табылды

0
3 412

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Шымкенттегі балабақшалардың бірінен жылан табылды

Шымкент қаласындағы балабақшалардың бірінен жылан шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 2023 жылы 16 мамыр күні сағат 12:52-де Самал-3, Мәңгілік ел көшесіндегі бала-бақшалардың бірінде болған.

“Оқиға орнына 4 адамнан тұратын құтқарушылар тобы шығып, жыланды тауып қауіпсіз аймаққа шығарды. Сондай-ақ сағат 15.25-те де Азат шағын ауданы Ақбастау көшесіндегі тұрғын үйде жылан табылғандығы туралы хабарлама түсіп, құтқарушылар тобы оқиға орнына шықты”, - делінген жазбада.

Айта кетейік, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағы жыл басынан бері 17 рет жылан аулауға шыққан. Тек мамыр айында тұрғындардың өтініші бойынша құтқарушылар 9 рет осы бағытта жұмыс атқарды.