Шымкенттегі банк бөлімшелері мен "Қазпошта" филиалдарындағы тәртіп қатаң бақылауда

0
807

Төтенше жағдайға байланысты пандемияның алдын алу жұмыстары арнайы бекітілген кесте бойынша атқарылуда.


Шымкенттегі банк бөлімшелері мен

Шымкенттегі банк бөлімшелері мен "Қазпочта" филиалдарында тәртіп қатаң бақылауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала аумағындағы «Халық банк», «Каспий банк» және «Қазпочта» филиалдарындағы жағдай қалыпты. Қазір бөлімшелерден келушілерге арналған күту орындары дайындалған.

Мәселен, Темірлан тас жолы бойындағы "Халық Банк" бөлімшесі алдынан күтушілерге 50 орындық қойылды. Онда сақтық шаралары сақталып, күтушілер арасында арақашықтық сақталған.

Ал, А.Асқаров көшесіндегі банк бөлімшесінде адам көп болуына байланысты, клиенттер көлікпен Д.Қонаев көшесіндегі филиалға жеткізілді.

Төтенше жағдайға байланысты пандемияның алдын алу жұмыстары арнайы бекітілген кесте бойынша атқарылуда.