Шымкенттегі барлық аудан аумағында қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
767

Тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін аяқжолдар, аялдамалар мен аула ішілік жолдардың қары күрелуде.


Шымкенттегі барлық аудан аумағында қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласында қар күреу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданында қар күреу жұмыстары 5 бағыт бойынша жүргізілуде. Ауданда басты және ішкі орамдық көшелерде қар күреу, инертті заттарды себу жұмыстарына «ЛТД Тұрмыс», «Айдынбек» ЖШС-ы тарапынан 33 арнайы техника, 86 жұмысшы тартылды. Жалпы 102 көше қардан тазалануда.

Қар күреу жұмыстары жүйелі түрде жүргізу мақсатында кезекші бригадалар 5 бағытқа бөлінді. Тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін аяқжолдар, аялдамалар мен аула ішілік жолдардың қары күрелуде.
Абай ауданы аумағында қар күреу жұмыстарына 4 бағыт бойынша 34 техника, 104 қызметкер жұмылдырылып, қар тазалау жұмыстары жүргізілді.
Ал, Еңбекші ауданы аумағында қар күреу жұмыстары таңғы 6:00-ден басталды. Ең алдымен 293 аялдама мен 154,3 шақырымға жуық аяқ жолдардың қары тазаланып, инертті материалдар себілді.
Бұл жұмыстар мердігер мекемелер “ЛТД Тұрмыс” ЖШС, “Югдорсервис” ЖШС, “Байтерек ЛБ” ЖШС және “НұрТауСервис” ЖШС тарапынан жүргізілуде.

Аталған жұмыстарды атқаруға 280 жұмысшы мен тиісті қар тазалайтын арнайы 60 техникалар тартылды.