Шымкенттегі бірқатар емханаларда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мүлдем жағдай жасалмаған

0
1 088

Арнайы комиссия құрылып медициналық көмекпен қамтамасыз ету барысына тексеру жүргізетін болды.


Шымкенттегі бірқатар емханаларда  мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мүлдем жағдай жасалмаған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында өткен азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау барысында «Сынақ» мүгедектер қоғамы» қорының төрағасы Мұрат Жетпіспаев бірқатар қалалық емханаларда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мүлдем жағдай жасалмағанын, мүгедектерге тегін дәрі-дәрмек қарастырылмағанын айтты.

«Емханаларда дәрігерлер науқастарды ауруханаға жатқызу үшін сол аурухананың бөлім меңгерушісінің келісімін алып келу және диагнозын жазып әкеліп беру қажет. Болмаса бір емханадан екінші емханаға қатта-қайта жібереді», - дейді Мұрат Жетпіспаев.

Өз кезегінде, бұл мәселе бойынша партиялықтар арнайы комиссия құрып медициналық көмекпен қамтамасыз ету барысына тексеру жүргізетін болды.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Бірыңғай тақырыптық қабылдау «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде өткізіліп отыр. Қабылдау барысында көкейдегі сауалдарын айтып, үмітінің ақталарына сеніп келген азаматтарға мамандар кеңес берді. Бірнеше мәселелер қабылдау жүргізу барысында шешілді. Бірқатары бойынша арнайы тексеру жүргізетін болдық. Мақсатымыз мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ету», - дейді фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов.

Аталған қабылдауды қалалық партия филиалы төрағасының орынбасары, Шымкент қалалық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясы жетекшісі Бекайдар Төлегенов, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау, сонымен қатар, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармалары және Тұрғын үй инспекциясы өкілдері мен Шымкент қалалық мүгедектер қоғамдастық бірлестігінің төрағасы Владимир Торопов жүргізді.

Тиісінше, қабылдауға қатысқан 20-ға жуық азаматтың әлеуметтік, денсаулық мәселелерімен қатар мүмкіндігі шектеуілі азаматтардың денсаулығына қатысты, оларға кедергісіз орта құру бойынша толғандырған сұрақтарына жауаптар беріліп, бірқатар мәселелер бойынша арнайы тексеру жүргізілетін болды.