Шымкенттегі блок-бекеттер бейнебақылау камералармен қамтылған

0
1 361

18 блок-бекетте арнайы автокөлік құралдарымен жалпы 676 қызметкер жұмылдырылған.


Шымкенттегі блок-бекеттер бейнебақылау камералармен қамтылған

Шымкентте орнатылған блок-бекеттер бейнебақылау камералармен қамтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде Шымкент қаласының кіреберістерінде 18 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Олардың әрқайсысы бейнебақылау камералармен қамтылған.
18 блок-бекетте арнайы автокөлік құралдарымен жалпы 676 қызметкер жұмылдырылған. Оның ішінде 240 полиция қызметкерлері (18 арнайы автокөліктер), 204 медицина қызметкерлері (18 жедел жәрдем көліктер) және 232 қарулы күштер 3 ауысымда тәулік бойы қызмет атқаруда. Одан бөлек 18 прокуратура қызметкерлері жұмылдырылған.
Аталған блок-бекеттерде төтенше жағдай режимін бұзу бойынша 23 жайт орын алып, ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен (Төтенше жағдай режимiн бұзу) хаттамалар толтырылған - ескерту жасауға немесе 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Олардың 1 жайты бойынша тұлға әкімшілік қамауға алынған, қалған істер қаралу сатысында.
Коронавирус инфекциясының кең таралмауына және қауіпті індеттің алдын алу мақсатында Шымкент қаласында 16 аумақ оқшауланды. Онда 163 полиция қызметкері жұмылдырылған. Медицина мамандары да тәулік бойы қызмет атқаруда. Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, үздіксіз эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде.