Шымкенттегі дүңгіршектердің бірінен попкорн жасайтын құрылғы мен кассадағы ақшаны ұрлап кеткен

0
791

Күдікті азаматты полиция қызметкерлері қолға түсірді.


Шымкенттегі дүңгіршектердің бірінен попкорн жасайтын құрылғы мен кассадағы ақшаны ұрлап кеткен

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкенттік полицейлер дүңгіршекті тонаған күдіктіні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының полицейлер қылмыстық оқиғаға байланысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 16.08.2019 жылы қаладағы дүңгіршектердің бірінен құны шамамен 70 000 теңге тұратын попкорн жасайтын аппаратты және кассадағы ақшасын ұрлаған күдікті азаматты ұстады.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен «ұрлық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.