Шымкенттегі қалалық диагностикалық орталық жаңа томография аппаратымен толықты

0
1 415

128 кесінді мультиспиралды қондырғы бюджеттен тыс қаражат есебінен орнатылды.


Шымкенттегі қалалық диагностикалық орталық жаңа томография аппаратымен толықты

Шымкенттегі қалалық диагностикалық орталығына жаңа компьютерлік томография аппараты сатып алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

128 кесінді мультиспиралды қондырғы бюджеттен тыс қаражат есебінен орнатылды.
Заманауи компьютерлік томография диагностиканың дамуы жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясын, кеуде қуысы мүшелерінің патологиясын және аурудың дамуының ерте кезеңдерін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді және емдеуді жақсартады.
Жаңа қондырғы арқылы қала тұрғындары ТМККК шеңберінде және медициналық сақтандыру аясында тегін тексеруден өте алады. Бұл үшін пациентке жергілікті емханасынан жолдама қажет.
Жаңа компьютерлік томографтың ескі модельдерден негізгі айырмашылықтары:
- Металл импланттардың кедергілерінің артында жасырылған анатомиялық бөлшектерді нақтырақ ашады, пациентке қосымша сәулелік жүктемесіз бір сканерлеуде ерекше айқындықтағы кескіндерді жасауға мүмкіндік береді;
- Коронарлық артериялардың жағдайын бағалауға, олардың өзгерістерін, кальциноз дәрежесін анықтауға және ЖИА алдын-алу, өкпе қабынуын нақтылауға мүмкіндік беретін инвазивті емес әдіс болып табылатын МСКТ коронарографиясын жүргізу;
- Анатомиялық құрылымдардың ең кішкентай бөлшектерін ажыратуға мүмкіндік береді, осылайша диагностиканың тиімділігі мен сенімділігіне ықпал етеді;
- Егер пациенттің салмағы 110 кг – нан асса, ескі модельдерде зерттеу жүргізу мүмкін болмады, бұл құрылғы салмағы 200 кг-ға дейінгі пациенттерге компьютерлік томография жүргізуге мүмкіндік береді.