Шымкенттегі кезекші автоХҚО жаңа мекенжайға ауысты

0
521

Кезекші автоХҚО енді 196 квартал, 381/1 ғимаратында қызмет алушыларды қабылдайды.


Шымкенттегі кезекші автоХҚО жаңа мекенжайға ауысты

Шымкенттегі кезекші автоХҚО жаңа мекенжайға ауысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұған дейін Достық мөлтек ауданы, 2343/1 мекенжайында орналасқан кезекші автоХҚО енді 196 квартал, 381/1 ғимаратында қызмет алушыларды қабылдайды.

Орталық сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма), ал сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Айта кетейік, автокөлік құралының тіркеуін және қайта тіркеуі мен жүргізуші куәлігін онлайн Egov порталы арқылы ауыстыруға болады. Сондай-ақ, Halyk Homebank немесе Kaspi.kz қосымшалары арқылы рәсімдей аласыз.