Шымкенттегі кезекші ХҚО жаңа мекенжайда жұмыс істейді

0
505

Кезекші ХҚО сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.


Шымкенттегі кезекші ХҚО жаңа мекенжайда жұмыс істейді
Шымкенттегі кезекші ХҚО жаңа мекенжайда жұмыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Бұған дейін Қаратау ауданы, Төлеметов көшесі 35 мекенжайында орналасқан кезекші ХҚО енді Мәделі Қожа көшесі, 16/1 ғимаратында қызметалушыларды қабылдайды.
Кезекші ХҚО сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма), ал сенбі күні 09:00-ден 13:00 дейін жұмыс істейтін болады.
Еске сала кетейік, кезекші автоХҚО әдеттегі кесте бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі күні сағат 13:00 дейін жұмыс жасайды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер онлайн форматта қолжетімді. Оларды Egov порталы, Egov mobile мобильдік қосымшасы және @Kenes1414Bot телеграмм-бот арқылы өз бетінше алуға болады