Шымкенттегі кезекші ХҚО жаңа мекенжайға ауысты

0
699

Кезекші ХҚО сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.


Шымкенттегі кезекші ХҚО жаңа мекенжайға ауысты

Шымкент қаласы бойынша кезекші ХҚО жаңа мекенжайда жұмыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұған дейін Мәделі Қожа көшесі, 1/16 мекенжайында орналасқан кезекші ХҚО енді Жангелдин көшесі, 13 А ғимаратында қызмет алушыларды қабылдайды.

Кезекші ХҚО сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма), ал сенбі күні 09:00-ден 13:00 дейін жұмыс істейтін болады.
Еске сала кетейік, кезекші автоХҚО әдеттегі кесте бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі күні сағат 13:00 дейін ашық.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер онлайн форматта қолжетімді. Оларды Egov порталы, Egov mobile мобильдік қосымшасы және @Kenes1414Bot телеграмм-бот арқылы алуға болады.