Шымкенттегі «Конгресс орталық» 2020 жылы қолданысқа беріледі

0
1 611

Шымкентте «BI group» құрылыс компаниясы «Конгресс орталықтың» іргетасын қалап жатыр.


Шымкенттегі «Конгресс орталық» 2020 жылы қолданысқа беріледі

Бүгін Шымкент қаласына жұмыс сапарымен ҚР Перьмер-министрі Асқар Мамин келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Cапар барысында Үкімет басшысы Асқар Мамин, «Шымкент сити» құрылыс аумағында орналасқан «Конгресс орталық» жобасының құрылыс жұмыстары барысымен танысты.

Бүгінгі таңда аталған жоба «BI group» құрылыс компаниясы арқылы іске асырылуда. Жобаның құны 10,2 млрд теңгені құрап отыр. Аталған нысан құрылысы «Shymkent» ӘКК АҚ тапсырысымен жүзеге аспақшы.

Конгресс орталықтың жалпы ауданы 14550 шаршы метр, 2 қабаттан тұрады, зал сыйымдылығы 2300 орын. Нысанның құрылысы 2020 жылдың I-тоқсанында аяқталып, пайдалануға берілмек.