Шымкенттегі көпқабатты үйлердің 73,4%-ы кондоминиумға өткен

0
573

Бүгінде арнайы жұмыс тобы құрылып, тұрғын үйді басқарудың жаңа тетігі бойынша онлайн тәртіпте таныстыру және оқыту жүргізілуде.


Шымкенттегі көпқабатты үйлердің 73,4%-ы кондоминиумға өткен

Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу бағытында атқарылған жұмыстар бойынша Шымкент қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ержан Бекболатов тікелей эфирде сұхбат берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

– Қалада 2196 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның 1612-сінде кондоминиум (бірге иелену) нысаны тіркелген. Бұл жалпы тұрғын үй қорының 73,4%-ын құрайды. Осы бағыттағы жұмысымызды жандандырамыз, - деді Ержан Бекболатов.

Басқарудың жаңа нысандарына көшу және жаңа реформаларды ілгерілету үшін жобалау офисі құрылған. Оның құрамына төрт аудан өкілдері, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ-ның және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының өкілдері кіреді. Бүгінде арнайы жұмыс тобы құрылып, тұрғын үйді басқарудың жаңа тетігі бойынша онлайн тәртіпте таныстыру және оқыту жүргізілуде.