​Шымкенттегі мамандандырылған ХҚО сенбі күні жұмыс істейді

0
658

Жұмыс күндері автоХҚО-ның кестесі өзгеріссіз – 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.


​Шымкенттегі мамандандырылған ХҚО сенбі күні жұмыс істейді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қалалық филиалы 24 қыркүйектен бастап Достық шағынауданындағы автоХҚО-ның жұмыс кестесі өзгереді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Енді кезекші автоХҚО сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ал дайын құжаттарды беру секторы сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді.

Жұмыс күндері автоХҚО-ның кестесі өзгеріссіз – 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, автокөлікті eGov.kz порталы, eGov.kz, Kaspi және Halyk Homebank қосымшалары арқылы да рәсімдеуге болады.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен алу Қазақстандағы ең танымал қызметтердің бірі. Бүгінгі таңда Шымкентте 7 424 ана бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақыны проактивті форматта рәсімдеді. Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 1000-нан астам әйел рәсімдеген. 700 қала тұрғыны көпбалалы аналар ретінде жәрдемақы рәсімдеп, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталды.2022 жылдың басынан бері 18 мың астам шымкенттіктер әлеуметтік жәрдемақыны SMS арқылы проактивті тәсілмен рәсімдеді

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық қызметтері, соның ішінде жер учаскелерін рәсімдеу бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті.

Енді бұл қызметтер Қазақстандағы барлық ХҚКО-ларда көрсетілетін болады. Азаматтар өздерінің барлық өтінішін бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ететін бэк-офистермен тығыз байланыста болмауы жаңалық болып отыр. Кез келген клиент өз қалауы бойынша жеке менеджердің көмегіне жүгіне алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жерге орналастыру жобасын әзірлеуден бастап жер учаскесіне акті дайындауға дейін құжаттарды рәсімдеудің толық циклін көрсетеді.

Жерді рәсімдеу бойынша ең сұранысқа ие қызметтер –жер жобаларын жасау, жер учаскелерінің шекараларын белгілеу, жер учаскелерін көлденең және биіктікте түсіру, ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу, аэрофототүсірілім жұмыстары, жер-кадастрлық құжаттардың көшірмелерін беру және т.б.

Бүгінде Шымкентте жер кадастры бойынша коммерциялық қызметтерді 7 ХҚО-да алуға болады.