Шымкенттегі мектеп тапшылығы: 2025 жылға дейін 55 мектептің құрылысы жүргізіледі

0
101

2019 жылдың алғашқы 9 айының қорытындысы бойынша Шымкентте 5 мектеп пайдалануға берілген.


Шымкенттегі мектеп тапшылығы: 2025 жылға дейін 55 мектептің құрылысы жүргізіледі

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 10 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қалалық Құрылыс басқармасының башысы шаһардағы құрылыс жұмыстары және алдағы жоспарлар туралы өткен баспасөз брифингінде айтты.

Аталған басқарма басшысы Ахметов Ербол Құланбайұлының айтуынша, Шымкент қаласы аумағындағы білім беру нысандары бойынша бюджеттен 7,450 млрд. теңге қаржы қаралып, дәл қазіргі уақытта 10 мектептің құрылысы жүріп жатыр екен.

«Шымкент қаласындағы бала туу саны күн санап артып жатқандықтан, білім беру мекемелерінің тапшылығы сезіліп отыр. Осыған орай қалада жалпы саны 10800 орындық 15 мектептің құрылысы басталып, 2019 жылдың алғашқы 9 айының қорытындысы бойынша оның 5-і пайдалануға тапсырылды. Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін 1200 орынды 1 мектеп пайдалануға беріледі. Ал, қалған 9 нысанның құрылысы 2020 жылға өтпелі», - деді Құрылыс басқармасының басшысы Ахметов Ербол өз сөзінде.

Сондай-ақ, басқарма басшысының орынбасары Өтенбаев Ғалымжан Әмірбекұлы білім беру нысандарының құрылысына байланысты келер жылдардағы жоспарымен бөлісті.

«Шымкент қаласының 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары бекітілді. Сол жоспардың ішіне 2025 жылға дейін қалада 55 мектептің құрылысын жүргізу енген. Олар жыл сайын саты-сатысымен, жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп салынатын болады», - дейді Өтенбаев Ғалымжан Әмірбекұлы.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласында салынатын қосымша 4 мектептің сметалық құжаттамалары әзрленіп жатыр екен.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет