Шымкенттегі мешіттердің бірінде ұрлық жасаған ер адам ұсталды

0
1 361

Ол күртешенің қалтасынан ақша мен құжаттары бар әмиянды ұрлап кеткен.


Шымкенттегі мешіттердің бірінде ұрлық жасаған ер адам ұсталды

Шымкентте мешіттке келген қала тұрғынының қалтасынан әмиян ұрланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері қала мешіттерінің бірінде ұрлық жасаған ер адамды ұстады. Ол күртешенің қалтасынан ақша мен құжаттары бар әмиянды ұрлап кеткен. Күдіктінің жеке басын Полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен анықтаған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған жайт Қылмыстық Кодекстің 188-бап 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша Абай ауданы Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде тіркелген.