Шымкенттегі «QAZALPACK» зауыты жылына 500 млн өнім өндіреді

0
568

Кәсіпорын АҚШ-та жасалған жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталған.


Шымкенттегі «QAZALPACK» зауыты жылына 500 млн өнім өндіреді

Шымкент қаласында шығарылатын алюминий банкалар нарықты жаулады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«QAZALPACK» зауыты – Орталық Азияда бірінші болып алюминий банка шығаратын бірегей жобаны жүзеге асырушы компания. Ол Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриялық аймағы аумағында орналасқан. Зауыт нарықта көп сұранысқа ие, қақпағы бар алюминий банка шығарады. Қазіргі уақытта инвестициялық жоба толығымен жүзеге асырылып, қалыпты жұмыс істеуде. Зауыттың максималды өндірістік қуаттылығы жылына 500 миллион құты.

Кәсіпорын АҚШ-та жасалған жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталған. Жоба құны 23,4 миллиард теңгені құрап, 157 жаңа жұмыс орны ашылды. Қызметкерлердің барлығы арнайы оқу және тәжірибеден өткізілді. Жоба аясында шырындарды, газдалған және газдалмаған алкогольсіз сусындарды бөтелкеге құю үшін әр түрлі көлемдегі қақпағы оңай ашылатын терең тартылған алюминий банкалар саудаға шығады. Жоба қазақстандық алюминий контейнерлер нарығының 80%-на дейін қамтитын өндірісті дамытуды көздейді.

Алюминий банкалардың жартысынан көбі қайта өңделеді және оларды тұрмыста қайта пайдалануға болады. «KazAlPack» ЖШС жобасы «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылды. «Оңтүстік» индустриялық аймағында орналасқан бірегей жобаның ауданы 20 000 шаршы метр компания өз өнімдерімен Қазақстан нарығының үштен бір бөлігін қамтып қана қоймай, республикадан тыс жерлерге де экспорттай алады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылып жатқан индустриялық аймақтың 2023 жылы инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін салуды аяқтау жоспарлануда.

Бүгінгі таңда онда орналастырылатын құны 18 миллиард теңгені құрайтын 27 инвестициялық жобалар әзірленді. Олардың бірі құны 1,1 миллиард теңгені құрайтын консервіленген және өзге де өнімдерді, жартылай фабрикаттарды өндіру және орау үшін көкөністерді, ет өнімдерін, жемістер мен жидектерді өңдеу зауыты.
Сонымен қатар, құны 1,5 миллиард теңге тұратын консервіленген ет өндірісі бар. Мұнан өзге косметикалық май және жеміс-жидек тағамдарын өндіретін зауыт, кондитерлік өнімдер өндіру, түрік шұжықтарын өндіру, нан үгіндісін өндіру, сүт өнімдерінің өндірісі, құрама жем өндіру жобасы бар.

Ал, өндірісті «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағы аумағына орналастыру кезінде инвесторға жалдау шартымен инфрақұрылымы жүргізілген дайын жер телімі беріледі.
Индустриялық аймақтың қатысу үшін «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның Шымкент қаласындағы Филиалы индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясынан қажетті құжаттардың тізбесін тапсырып, өтінім жазу керек. Басқарушы компания қажетті құжаттар тізбесін 3 жұмыс күні ішінде қарайды. Сонымен бірге компания қажетті құжаттардың тізбесін Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 1 жұмыс күні ішінде жібереді.

Сондай-ақ, қала әкімінің төрағалығымен инвестициялық штаб тұрақты қызмет атқарады. Онда инвестициялық жобалар мен проблемалық мәселелер қарастырылады және инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетіледі.