Шымкенттегі түзеу мекемелерінде ерекше жағдай режимі енгізілді

0
509

Сонымен қоса, тергеу изоляторларында ерекше жағдай режимі орнатылды.


Шымкенттегі түзеу мекемелерінде ерекше жағдай режимі енгізілді

Шымкенттегі түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында ерекше жағдай режимі орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы ҚАЖ департаменті бастығы, əділет полковнигі Теңізжан Нұрмаханұлы мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығына сəйкес Қылмыстық атқару кодексінің 101-бабы негізінде жəне ҚР ҚК 46-бабы «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде, арнайы үй-жайларда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» заңы бойынша ағымдағы жылдың 19-қаңтарына дейін еліміздің Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдай режимі енгізілді.
Осыған орай, аталған режим мерзімінде елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты ҚАЖ мекемелерінің ішкі күнделікті жұмыс тәртібі уақытша өзгертілді. Мекемелердегі жазасын өтеушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында ҚК-нің 105-113-баптарында көзделген сотталғандардың, сондай-ақ тергеуде қамауға алынғандардың құқықтарын жүзеге асыруда уақытша шектеу іс-шаралары жүргізілуде.
Айиа кетейік, мекемелерде ерекше жағдайлардың енгізілуіне байланысты берілмеген кездесу күндері сақталады және кейінірек беріледі.