Шымкенттегі жарылыстан бес қабатты тұрғын үй мен 10-ға жуық көлікке зақым келді

0
743

Тілсіз жау 55 шаршы метрге шарпыған.


Шымкенттегі жарылыстан бес қабатты тұрғын үй мен 10-ға жуық көлікке зақым келді

Шымкентте дәріханада болған жарылыстан жақын маңдағы бес қабатты тұрғын үй мен автокөліктерге зақым келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті екі қабатты бөлек тұрған ғимараттың "Межболничная 138 аптека" ЖШС-іне тиесілі екенін растады.
Ғимараттың жалпы ауданы – 360 шаршы метр. Тілсіз жау 55 шаршы метрге шарпыған. Жарылыстың салдарынан ғимараттың 130 шаршы метрі қираған.
“Жақын тұрған бес қабаттың үйдегі пәтердің терезелері мен балконы бұзылды. Сондай-ақ, 7 көлікке зақым келді", - делінген баспасөз хабарламасында.