Шымкенттен Түркияға 20 тонна жылыту пештері жіберілді

0
685

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.​


Шымкенттен Түркияға 20 тонна жылыту пештері жіберілді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек беру мақсатында құрылған арнайы штаб өкілдерін кезекті рет қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесуде штаб өкілдері қала басшысын қордың жұмысымен таныстырды.

Қайырымды қала тұрғындары бауырлас елге қамқорлық танытуда жаппай белсенділік танытуда. Бұл біздің ынтымақтастығымызды, татулығымызды айқын көрсетті. Қайғылы жағдайда қалған бауырластарға қолдау көрсетіп, жәрдем еткен жерлестерімізге алғысым зор», - деді қала әкімі.
Айта кетейік, осыған дейін қаланың жомарт азаматтары мен кәсіпкерлерінің, ерікті жастарының ұйымдастыруымен 20 тоннадай жылыту пештері, қуаттағыш сияқты түрлі қажетті заттардан құрылған гуманитарлық көмек жөнелтілді. Зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ашылған арнайы есеп-шотқа 20 миллион теңгеден астам қаражат жиналған. Заттай, қаржылай көмектерді жинақтау жалғасуда.