​ШЫМКЕНТТЕН XIX АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 64 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

0
243

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді.


​ШЫМКЕНТТЕН XIX АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 64 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Шымкент қаласынан 33 спорт түрінен 64 спортшы Азия ойындарына қатысады. Олардың қатарында Әлем және Азия чемпиондары бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бокс – 34 лицензия (ерлер – 7 салмақта финалға шыққан 14 боксшы, әйелдер – 50, 54, 57, 60 келіде жартылай финалға шыққандар, 66, 75 келіде финалға шыққан боксшылар);

Садақ ату – 5 лицензия (ерлер — 1,2-орын алғандар, әйелдер — 1,2-орын алғандар, аралас команда — 1-орын алған құрама);
Қазіргі бессайыс – 10 лицензия (ерлер 5 лицензия және әйелдер 5 лицензия);
рейк-данс – 2 лицензия (ер — 1 және әйел — 1);
Үлкен теннис – 5 лицензия (ер, әйел, жұптық ерлер, жұптық әйелдер, аралас жұптар; тек жеңімпаздар лицензия алады);
Су добы – 2 лицензия (ерлер — 1 және әйелдер құрамасы — 1);
Әртістік жүзу – 2 лицензия (әйелдер дуэті — 1, командалық сайыс — 1);
Көгалдағы хоккей — 2 лицензия (ерлер — 1, әйелдер құрамасы — 1);
Жүзу, жеңіл атлетикада белгілі бір уақыт нормативін орындаса, Олимпиада жолдамасы беріледі.

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 524 атлет қатысады. Олар 30 спорт түрінен 305 медаль үшін бақ сынасады. Бұл дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы 1994 жылдан бері сегізінші рет қатысқалы тұр.

Азия ойындарында табысты өнер көрсету өте маңызды. Себебі байрақты бәсекеде құрлық чемпионы атағымен қатар, спорттың 8 түрінен Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.
Ал Париж Олимпиадасына кіретін өзге спорт түрлерінен Азия ойындарында жүлделер сарапқа түссе де, лицензия берілмейді. Кей жарыстар спортшылар үшін рейтингтік ұпай беруге көмектеседі. Медаль көп сарапқа салынатын күрес түрлерінен жолдама Әлем чемпионаты мен келесі жылы өтетін іріктеу додаларында ойнатылады.

Еске сала кетсек, Қытайда Азиада-2022 өткізу туралы шешімді 2015 жылғы 16 қыркүйекте Азия Олимпиада кеңесі (АОК) қабылдады.

Ойындарды бастапқыда 2022 жылдың 10-25 қыркүйек аралығында өткізу жоспарланған болатын, алайда COVID-19 коронавирустық пандемиясына байланысты AOК Ханчжоу-2022-ні 2023 жылға ауыстырғанын жариялады.

Жазғы 19-шы Азия ойындарында барлығы 474 медаль жиынтығы ойналады, оның 381-і олимпиадалық спорт түрлерінен, 93-і олимпиадалық емес спорт түрлерінен. Жарыс 61 спорттық пән бойынша өтеді, оның ішінде 45 - олимпиадалық, 16 - олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша.