Шымкенттік 150 отбасыға азық-түлік тегін таратылды

0
798

Бұл шараны «Шымкент» медресе-колледжінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы ұйымдастырды.


Шымкенттік 150 отбасыға азық-түлік тегін таратылды

Шымкентте көмекке мұқтаж 150 отбасыға азық-түлік таратылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл шараны «Шымкент» медресе-колледжінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы ұйымдастырды.

Игі шарада «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат қажы Әсембай қасиетті Рамазан айымен құттықтап, діни басқарма тарапынан қолға алынған шараның маңыздылығына айрықша тоқталды.

Қайырымдылық шара барысында медресе-колледждің 71 ұстазы мен қызметкеріне және қаладағы көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 150 отбасыға азық-түлік заттары таратылды.

Айта кетсек, аталмыш қайырымдылық шараға «Шымкент медресе» колледжі мен Қазақстандық «Қазақ Түрік» жастарды қолдау қоғамдық қоры тарапынан қаржылай қолдауға ие болды.